Азаматтық парызын өтеуге аттанды

Талдықорған қаласындағы облыстық жинақтау пунктінде жастарды Отан алдындағы борыштарын атқаруға салтанатты түрде әскерге шығарып салды.

Админ
07/11/2024 - 16:59

Іс-шараның басы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранымен ашылды. Оған Қарулы Күштер, Ауған соғысы, Тәжік-ауған шекарасы қақтығысының ардагерлері және әскерге аттанушы жастар мен олардың туыстары қатысты.

     Әскерге шақырылушы жастардың Отан алдындағы борыштарын атқаруға көңіл-күйлері жақсы, әскери борыштарын өтеуге сақадай сай.

     – Әскер қатарында қызмет етіп, Отан алдындағы парызын өтеуге әрбір азамат міндетті. Себебі, туған жерді, елді, атамекенді қорғау – қасиетті борыш. Бұл дегеніміз – батырлық пен табандылық, отансүйгіштік пен Отанға шексіз қызмет етудің нышаны. Қашанда халықтың ұлы болу – әрбір азаматтың биік арманы, - деді басқарма бастығы – департамент бастығының орынбасары подполковник Рүстем Рахымбаев.

     Әр Қазақстан азаматы Отан алдындағы борышын өтеуі қажет. Себебі, әскерге барған адам тәртіпке үйренеді. Сондықтан әскер – ең алдымен ішкі тәртібін қалыптастырып, жауапкершілік жүгін арқалай білуге баулитын бірден бір орта.

     Шарада әскерге аттанушы жастардың ата-аналары сөз алып ұлдарының аман-есен Отан алдындағы борыштарын атқарып келулеріне ниет білдіріп, зор ықыласпен шығарып салды.

     Айта кетсек, бұл сарбаздарға Қазақстан Республикасы Президентінің ұйғарымымен жоғары оқу орындарына оқуға түсуге үлкен мүмкіндік бар.

 

Жетісу гарнизонының баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

    

 

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91