Дәрігерлер хабарлама таратты
Түркістан облысында Сырдария суынан құтқарылған 3 адам ауруханада жатыр, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Дәрігерлердің айтуынша, жағдайлары жақсы. Қазір қажетті ем-дом алып жатыр.
«Оқиға күні судан құтқарылған үш адам ауруханаға жатқызылды. Олардың бірі 49 жаста болса, қалғаны 8 және 9 жастағы жасөспірім. Қазіргі таңда жағдайлары жақсы, бірқалыпты. Ал одан бөлек, 2 жүкті әйел медициналық көмекке жүгінген. Олар суға түспеген, тек оқиғадан қорқып қалған. Дәрігерлердің қарауынан кейін үйлеріне қайтарылды», - делінген Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.
Айта кетейік, Түркістан облысында Сырдарияға шомылған 11 адам суға батып кетті. Олардың бәрі бір әулеттің адамдары.