Жанұя жағдайын қамтыған жиын

53975 әскери бөлімнің (тәрбие және идеологиялық жұмысы жөніндегі) әскери қызметшілердің отбасы мүшелерінің қатысуымен жиналыс өтті.

Админ
30/10/2024 - 11:44

Әскери қызметшілердің әйелдеріне жиналысты 53975 әскери бөлім командирінің  (тәрбие және идеологиялық жұмысы жөніндегі) орынбасары полковник Е.Исманкулов ашты.

Әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі бөлімнің жылдық қорытындысын бөлім бастығының көмекшісі азаматтық персонал Ж.Какимжанова слайд көрсету арқылы ұйымдастырды.  

Бөлімнің қаржы қызметінің өкілі сержант И.Курышина қаржы жөнінде әскери қызметшілердің сұрақтарына қысқаша жауап берді. Бөлімнің офицер-психологы лейтенант А.Советова әскери қызметшілердің әйелдеріне тренинг өткізді.  

Соңында 53975 әскери бөлімнің әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі бөлім бастығының көмекшісі әскери қызметшілердің жұбайларымен сауалнама өткізді.

Жиналыстың соңында әйелдерге рақмет айтылды, кішігірім сыйлықтар тапсырылды.

 

 

                                    Азаматтық персонал    Ж.Какимжанова

×

Редакция

$ 495.2  522.34  4.94