Франция делегациясымен кездесті

Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев Францияның Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы Александр Эскорсиамен қорғаныс ведомстволарының ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Админ
19/10/2024 - 14:25

Екі ел өкілдерінің назары бітімгерлік және білім беру салаларындағы екіжақты қатынастар төңірегінде болды. Атап айтқанда, бітімгерлік контингенттерді даярлауды жетілдіру және осы саладағы өзара іс-әрекетті кеңейту сөз болды. 

Тараптар бұл бағыттағы бірлескен күш-жігер халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қолдауға ықпал ететінін атап өтті.

Одан бөлек бір күн бұрын Алматыда француз делегациясы Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлік операциялар орталығында және «Бітімгер» оқу-жаттығу орталығында болғанын атап өткен жөн. Қонақтар мекеменің қызметімен, инфрақұрылымымен және даму перспективаларымен танысты.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91