Теңіз жаяу әскері сарбаздармен толықты

Ұлытау облысынан «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 25744 әскери бөліміне әскерге шақырылғандардың алғашқы легін әскери оркестрдің сүйемелдеуімен қарсы алды. 

Админ
10/10/2024 - 23:18

Жас сарбаздарға арнап теңіз жаяу әскерлері бригадасының командирі подполковник Азамат Сүлейменов сөз сөйледі. Ол әскерге алынғандарға қызметте сәттілік тілеп, абыроймен міндеттерін өтеп, бір жылдан кейін аман-есен үйлеріне оралатынына сенім білдірді. Командир сарбаздарға бригаданың бай тарихы мен жауынгерлік жолы туралы айтып, енді олар ауқымды және біртұтас әскери ұжымның бір бөлігі болғанын атап өтті.

Казармаға орналастырылғаннан кейін әскерге шақырылушыларға оқу сыныптары, спорт алаңдары мен жаттығу орындары көрсетілді. Сарбаздар сонымен қатар, күн тәртібімен және ішкі тәртіп ережелерімен таныстырылды.

– Біз әскери бөлімге бірінші болып келдік. Осындай даңқты бөлімде борышымызды өтейтінімізді мақтан етеміз. Біз Конституциялық борышымызды абыроймен орындауға тырысамыз, - деді сарбаз Досбол Ақбаров.

Күзгі әскерге шақыру науқаны барысында Қазақстанның түрлі өңірлерінен теңіз жаяу әскерлері бригадасына 500-ге жуық әскерге шақырылушы келеді. Олардың барлығы бір айлық жас жауынгер курсынан өтіп, офицерлер мен бригада сержанттарынан армия қызметінің негіздерін үйренеді. Курс аяқталғаннан кейін сарбаздар Отан алдында адал болуға әскери ант береді.

×

Редакция

$ 487.24  529.34  5.02