Сарбаздар министрдің сыйлығын алды

Биыл сәуірдің 22-30 аралығында Орал қаласындағы су тасқынына қарсы шараларға белсене қатысқан 28738 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшілеріне ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың сыйлығы табысталды.

Админ
13/10/2024 - 15:59

2-ші зеңбіректі артиллериялық дивизионның басқару взводының аға маманы (аға барлаушы) – қашықтықты өлшеушісі ефрейтор А.Жайлаубаев, 2-ші зеңбіректі артиллериялық дивизионның басқару взводының маманы (радиотелефоншы) қатардағы Ж.Болат, 2-ші зеңбіректі артиллериялық дивизионның 4-ші зеңбіректі артиллериялық батареясының сарбазы (есептоп нөмірі) қатардағы А.Степанов, 2-ші зеңбіректі артиллериялық дивизионның 4-ші зеңбіректі артиллериялық батареясының аға маманы (аға көздеуші) ефрейтор А.Серік, 2-ші зеңбіректі артиллериялық дивизионның 5-ші зеңбіректі артиллериялық батареясы атқыштар взводының аға маманы (аға көздеушісі) ефрейтор Е.Сәкенов, 2-ші зеңбіректі артиллериялық дивизионның 5-ші зеңбіректі артиллериялық батареясы атқыштар взводының аға маманы (аға көздеушісі) ефрейтор Д.Стократов, 2-ші зеңбіректі артиллериялық дивизионның 4-ші зеңбіректі артиллериялық батареясының сарбазы сарбазы (есептоп нөмірі) қатардағы А.Маркин, 2-ші зеңбіректі артиллериялық дивизионның 5-ші зеңбіректі артиллериялық батареясы атқыштар взводының сарбазы (есептоп нөмірі) қатардағы Қ.Еменбаев, 2-ші зеңбіректі артиллериялық дивизионның 6-шы зеңбіректі артиллериялық батареясы атқыштар взводының сарбазы (есептоп нөмірі) қатардағы А.Челышев, 2-ші зеңбіректі артиллериялық дивизионның 5-ші зеңбіректі артиллериялық батареясы атқыштар взводының сарбазы (есептоп нөмірі) қатардағы Н.Зинеден, 2-ші зеңбіректі артиллериялық дивизионның 5-ші зеңбіректі артиллериялық батареясы атқыштар взводының сарбазы (есептоп нөмірі) қатардағы М.Альбеков, 2-ші зеңбіректі артиллериялық дивизионның 6-шы зеңбіректі артиллериялық батареясы атқыштар взводының сарбазы (есептоп нөмірі) қатардағы Н.Айжарықов, 2-ші зеңбіректі артиллериялық дивизионның 6-шы зеңбіректі артиллериялық батареясы атқыштар взводының сарбазы (есептоп нөмірі) қатардағы Д.Реммель, 2-ші зеңбіректі артиллериялық дивизионның 6-шы зеңбіректі артиллериялық батареясы атқыштар взводының аға маманы (аға көздеушісі) ефрейтор А.Қабидолла, 2-ші зеңбіректі артиллериялық дивизионның 10-шы зеңбіректі артиллериялық батареясы атқыштар взводының аға маманы (аға көздеушісі) ефрейтор А.Қадыр, 2-ші зеңбіректі артиллериялық дивизионның 4-ші зеңбіректі артиллериялық батареясының аға маманы (аға көздеушісі) ефрейтор А.Кенжехан, 2-ші зеңбіректі артиллериялық дивизионның 6-шы зеңбіректі артиллериялық батареясы атқыштар взводының сарбазы сарбазы (есептоп нөмірі) қатардағы В.Бугин, 2-ші зеңбіректі артиллериялық дивизионның 11-ші зеңбіректі артиллериялық батареясының аға маманы (аға көздеушісі) ефрейтор Ә.Орынбай қол сағатын алды. Қорғаныс министрінің сыйлығын «Шығыс» өңірлік әскерлері қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Дархан Саттарұлы Әжібаев жеке құрамның алдында салтанатты түрде табыс етті. Ардагерлер атынан зениттік артиллериялық полкте үш жыл әскери қызмет еткен Зейнолла Қалымбекұлы Тоқаев ақ тілегін білдірді. Шараға «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметінің жетекшісі Ақмарал Ахметжанова, сарбаздар аналарының «Аналардың жүректері» комитеті республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі Айнұр Татерова да қатысты.

   Су тасқынына қарсы шараларға белсене қатысқандардың бірі – Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданынан мерзімді әскери қызметке шақырылған ефрейтор Алдияр Жайлаубаев. Ол Қарағанды мемлекеттік университетінің алғашқы әскери және дене дайындығы мамандығы бойынша 2-ші курста оқып жүргенде академиялық демалыс алып, Отан алдындағы азаматтық борышын өтеу үшін әскерге өз еркімен келген. Әскери қызметті өтеу кезеңі аяқталған соң, оқуын тәмамдап, әскери қызметші болуға дайын. Ал, ефрейтор Әділет Орынбайдың кеудесіне табиғи апаттарға қарсы күресте табандылық пен батылдық танытқаны үшін «Апатпен күрескені үшін» медалі бірнеше ай бұрын тағылған. «Бүгін міне Қорғаныс министрінің қол сағаты берілді. Біздің әулетіміз үшін бұл зор мақтаныш, үлкен құрмет», деді  қуанышын жасыра алмаған анасы Роза Сәлімгерей.

   Марапаттау барысында ҚР Қарулы Күштерінің зымыран әскерлері және артиллерия күні құрметіне орай жеке құрамды көтермелеу туралы бұйрық оқылды. Бір топ әскериге алғыс жарияланып, тағы бір легі мақтау грамотасын алды. 4-ші реактивті артиллериялық дивизионы 12-ші реактивті артиллериялық батареясының взвод сержанты – жауынгерлік және дене дайындығы жөніндегі нұсқаушы сержант Мерей Молдахметовке аға сержант шені мерзімінен бұрын, сонымен қатар лейтенант Олжас Мұқанов пен Еркебұлан Махмұтжановқа кезекті аға лейтенант әскери атағы берілді. Соңында 28738 әскери бөлімі мен Семейдегі политехникалық колледж арасындағы меморандумның негізінде оқу орнының 25 студенті Ашық есік күніне қатысты.  

 

×

Редакция

$ 487.24  529.34  5.02