«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне қарасты 06708 әскери бөлімінің сарбаздар толқыны атыс шеберліктерін көрсетті. Алдымен, сабақ жетекшілері жеке құрамды оқ атудағы барлық пәрмендi бiлуі, атысты дер кезінде орындауы және атыс кезiндегi техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөніндегі нұсқаулықтармен таныстырды. Қауіпсіздік ережелерінен кейін жеке құрам автоматтан оқ атуды орындады. Сарбаздар белгіленген нысананы көздеп, атыс жаттығуларын пысықтады. Жаттығу барысында жас сарбаздар жауынгерлік даярлықтағы өздерінің біліктіліктерін анық байқатты. Сабақтың бақылау тексерісі бойынша жеке құрам арасынан нысанаға дәл тигізуден жоғары ұпай жинап, үздіктер қатарынан көрінгендер де бар, олардың бірі сарбаз Жұмабеков Ербол Молдаханұлы 92 ұпай жинады. Жалпы жауынгерлік оқ ату жаттығулары сарбаздардың атыс дайындығын жетілдіріп қана қоймай, оқ ату дағдыларын шыңдайды. Сарбаздардың атыс дайындығы сабағын 06708 әскери бөлімі командирінің жауынгерлік дайындық бойынша орынбасары подполковник Мамбетов Жанибек Рахимбаевич өзі бақылады. – Сынақ атыс дайындығында шыңдалады. Әскери ортадағы әрбір сарбаз жауынгерлік даярлықтағы көрсетіп жүрген жетістіктері күннен күнге артып келеді. Олардың атыс дайындығындағы жоғары деңгейдегі көрсеткіштері жаттығулардың нәтижелері деп білеміз. Сарбаз жеке құрамы осымен тоқтап қалмай, жауынгерлік даярлық көрсеткіштерін одан әрі жақсарта беретініне сенімдімін, - деді әскери қызметшілердің атыс дайындығы сабағындағы көрсеткіштеріне жоғары баға берген командир.
Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы
Думан Жұмашұлы