Әскерге шақыру жайы әңгімеленді

Админ
22/09/2024 - 12:39

Жетісу облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қалалық басқармасының қызметкерлері журналистер үйінде азаматтарды күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру және несиелік каникул, әскерден кейінгі жоғары білім алу бойынша журналистермен баспасөз мәслихатын өткізді.

     1 қыркүйектен бастап күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Ол жыл соңына дейін жалғасады. Жетісу облысында 1000-ға жуық азаматты әскерге шақырту жоспарлануда.

     Олар Қарулы Күштер, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінде, ІІМ, ТЖМ және Мемлекеттік күзетте қызмет атқаратын болады.
Борышын өтеген сарбаздарға түрлі жеңілдіктер қарастырылған. Мәселен, несиелік демалыс беріледі. Яғни, мерзімді қызметтегі азаматтарға қаржылық міндеттемелері бойынша ай сайынғы төлемдерін 13 айға кейінге қалдыруға мүмкіндік береді.

     – Отан алдындағы борышын өтеген азаматтар ҰБТ тестілеуінен өтпей, еліміздегі 70-ке жуық жоғарғы оқу орнына түсуге жеңілдіктер қарастырылған. Бүгінде Қорғаныс министрлігі және жоғары оқу орындары арасында меморандумдар жасалды. Мерзімді қызметте жүріп жақсы жағынан көрінген жастарға тегін білім алу мүмкіндігі қарастырылған, - деді қалалық басқарма бастығы полковник Мақсат Дүйсебеков.

     Сондай-ақ, республика бойынша сарбаздардың аналар комитеті жұмыс істейді. Бұл қоғамдық бірлестік сарбаздардың ата-аналарымен тығыз байланыста болады.

 

Жетісу гарнизонының баспасөз қызметі

 

 

 

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91