Сән-салтанаты жарасқан шара

Админ
22/09/2024 - 12:37

Қарағанды қаласының Достық үйінде Жергілікті әскери басқару органдарының күніне орай «Әскери қызмет – азаматтық міндет» атты салтанатты шара өтті.

Салтанатты шараға Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей, Қарағанды облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Жанас Құнанбаев, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жеке құрамы және ардагерлер, БАҚ өкілдері қатысты.

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей әскери басқару органдарының қызметкерлері мен ардагерлерін мерекемен құттықтап, облысымыздың дамуына қосқан көп жылдық және адал еңбегі, жергілікті әскери басқару органдарын нығайту ісіне қосқан жеке үлесі үшін облыс әкімінің Алғысхатын табыстады.

  Шара соңы Қали Байжанов атындағы бірлестік өнерпаздарының ән шашуымен жалғасты.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91