Мамандармен өткен кездесу

Админ
17/09/2024 - 21:22

«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы басқармасы штабының кеңесу бөлмесінде Қарағанды гарнизоны әскери бөлімдерінің офицер-психологтарымен әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен практикалық сабақ өткізілді.

  Оған «Ақжан» емханасының дәрігері Евгения Лапина, «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы басқармасы әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметінің нұсқаушысы Ләззат Дошманова қатысты. Отбасы күніне орай ұйымдастырылған конференция барысында «Өміріңді сақта» ведомствоаралық бағдарламасы да қамтылды. Сонымен қатар, психологтар әскери қызметшілермен жеке психологиялық жұмыстың жаңа формалары мен тәсілдерін талқылап, практикалық дағдыларды дамытып, озық жұмыс тәжірибесін жинақтады.

   – Биыл отбасы күніне орай әскери отбасылармен дәрігер пікірін тыңдадық, әскери қызметшілердің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап алдық. Психологиялық жұмысты ұйымдастыру бойынша жаңа бағдарлама енгізілді, - деді «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы басқармасы әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметінің нұсқаушысы Ләззат Дошманова.

×

Редакция

$ 482.86  533.17  5.08