Жүйрік болсаң, озып көр

Админ
17/09/2024 - 21:14

Қарағанды қаласының әскери қызметшілері облыстық «Ана тілім – абыройым» байқауында жүлдегер атанды.

  Нақтырақ айтқанда, Қарағанды облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жеке құрамы Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейуллин және Бейімбет Майлиннің 130 жылдығына арналған мемлекеттік тілді білу сайысында 2 орынды иеленді. Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ұйымдастырған жарысқа облыстағы мемлекеттік органдардан 8 команда қатысқан болатын.

  Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің атынан құрамында 5 әскери және азаматтық қызметкерлерден тұратын «Айбын» командасы қатысты. Байқауға қатысушылар бейнеқұттықтау дайындап, онда қазақ тілін білудің маңыздылығына тоқталып, өз департаментінде барлық жұмыс мемлекеттік тілде жүргізілетінін атап өтті.

  «Біз өз жұмысымызда Сәкен Сейфуллиннің «Кеңсе тілі қазақша болмайынша іс оңға баспайды» деген сөзін ұстанамыз, - деп атап өтті Қарағанды облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары подполковник Еркебұлан Мұстағұлов.

  Бейне сәлемдесу мен командалар кездесуінен кейін сайыскерлер қазақ ақын-жазушыларының шығармалары бойынша білімдерін сарапқа салып, қазақтың архаизмдері, мақал-мәтелдері туралы түсінік берді.

 

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85