Алдын алу шарасы

Админ
11/09/2024 - 23:53

Қарағанды өңірлік гарнизонында әскери қызметшілер тарапынан құқық бұзушылыққа жол бермеу мақсатында қылмыстық жауапкершілікке қатысты айлық өткізілуде.

Шараға барлық санаттағы әскери қызметшілер қатысады. «Мас жүргізуші қылмыскер және ішімдік, нашақорлық қылмыстың көзі» айлығы аясында өткізілген конференцияға Қарағанды өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасының әскери автомобильдік полиция бөлімі, әкімшілік тәжірибе бөлімі, әскери полиция бөлімдері мен Қарағанды полиция басқармасының патрульдік полициясы полкінің қызмет инспекторлары сондай ақ облыстық наркологиялық диспансерінің дәрігер-психологтары қатысты.

   - Біздің қоғамдық ортада, елімізде мас күйінде көлік жүргізгендерге заң жазаны қатайтқанына қарамастан, «ащы су» ішіп алып, темір тұлпар тізгіндейтіндер азаятын емес. Статистикалық көрсеткіш күн өткен сайын артып келеді. Әскери қызметкерлер мұндай қателікке мүлдем жол бермейді. Заң бұзушылықтың алдын алу мақсатында біз мұндай шараларды жиі өткізіп отырамыз, – деп атап өтті Қарағанды өңірлік гарнизонының Әскери полиция басқармасы алдын алу бөлімінің аға офицері, әділет капитаны Бекжан Маманов.

×

Редакция

$ 483.23  534.74  5.12