Канада Ресейдің бірқатар банкі мен ядролық индустриясына санкциялар енгізді

Тізімге Курчатов институты да кірді

Sarbaz.kz редакторы
24/08/2023 - 16:00

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Канада үкіметі Ресейдегі санкциялар тізімін тағы 29 құрылыммен кеңейтті. Олар – қорғаныс-өнеркәсіп кешені, қаржы саласы және атом саласы. Санкциялар тізіміне тағы төрт адам енді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Канаданың үкіметіне сілтеме жасап.

«Уралсиб Банкі», «Зенит» банкі, «Өңірлерді дамытудың Бүкілресейлік Банкі», «Росбанк», «Русатом Оверсиз», «Атомфлот» ФМУП, Курчатов институты, мемлекеттік ғылыми орталық – атом реакторлары ғылыми-зерттеу институты және басқа да жобалау-конструкторлық ұйымдарға қарсы санкциялар енгізілді.

Сондай-ақ «Северсталь», Владимир Потаниннің «Интеррос» холдингі, бірқатар қорғаныс кәсіпорны, соның ішінде Ұлан-Удэн авиациялық зауыты, 195 зымыран-артиллериялық қару-жарақ жөндеу зауыты, «Жеңістің 70 жылдығы Нижний Новгород зауыты» АҚ санкцияларға ие болды.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85