АЗАТ ЕЛДІҢ АТА ЗАҢЫ

Админ
11/09/2024 - 23:48

Мемлекеттік мереке –  Қазақстан Республикасының Конституция күні. Негізгі Заңның қабылдануы – тәуелсіз  Қазақстан тарихындағы  аса маңызды оқиғаларының бірі.

53975 әскери бөлімі Қазақстан Республикасының Конституция күніне, бөлімнің құрылғанына 82 жыл толуына орай «Ашық есік күні» мерекелік іс-шараларын ұйымдастырды. Сонымен қатар ауған соғысының ардагерлеріне арналған «интернационалист-жауынгер» ескерткішінің ашылуына байланысты ардагерлер сап түзеп,  сөз сөйледі.  Ескерткіштің ашылу құрметіне бөлімнің тікұшақ ұшқыштары аспанды айналып, қойылым көрсетті. Ардагерлер ескерткішке гүл шоқтарын қойып, сөз сөйледі. Артынан ДШБ әскери қызметшілерінің қатысуымен кішкене қойылым көрсетіліп, мерекелік концерт ұйымдастырылды. Бұл үлкен шараға бөлімнің ардагерлері, ауған соғысының ардагерлері, барлық әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері қатысып, тамашалады.

 Іс-шараларға белсене қатысқан, үздік өнер көрсеткен әскери қызметшілер әскери бөлім командирінің  бұйрығымен марапатталды.

 

 

Азаматтық персонал  Ж.КӘКІМЖАНОВА

53975 әскери бөлімі

 

×

Редакция

$ 483.23  534.74  5.12