«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты бірқатар әскери бөлімдер Жамбыл облысында өтетін «Айбалта-2024» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу жаттығуына қатысу үшін аттанды.
Аталмыш оқу-жаттығу Қарулы Күштерінің жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес Жамбыл облысының «Мәтібұлақ» оқу полигонының базасында жоспарланған және 2024 жылдың 2-13 қыркүйегі аралығында өтеді.
Жеке құрам және жауынгерлік техникаларды теміржол көлігімен Мәтібұлақ полигонына жеткізіледі.
-Тактикалық «Айбалта-2024» оқу-жаттығуы - бөлімшелердің, әскери бөлімдердің, құрамалардың жауынгерлік даярлығының жоғары нысаны болып саналады. Жеке құрамның жауынгерлік даярлығын, бөлімшелердің, әскери бөлімдер мен құрамалардың үйлесімділігін, сондай-ақ жауынгерлік іс-қимылдарды ұйымдастыруда және әскерлерді басқаруда командирлер мен басқару органдарының дағдыларын тексеру және жетілдіру мақсатында жүргізіледі, - деп атап өтті «Шығыс» өңірлік әскерлері қолбасшылығының қолбасшысы полковник Жеңіс Маралов.
Өткізілетін оқу-жаттығуға «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 32355-К, 44793, 32388, 27943, 40398 әскери бөлімдерінің жеке құрамы қатысады.
Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі