Мемлекеттік және кәсіби мереке қатар атап өтілді

 «Астана» өңірлік қолбасшылығында Қарулы күштер тылының құрылу және ҚР конституция күніне арналған салтанатты шара өткізілді. Оған «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери қызметшілер және ардагерлер қатысты.

Админ
11/09/2024 - 23:38

Әскерлердің оқу және жауынгерлік өмірін қамтамасыз етуге баға жетпес үлес қосып келе жатқан Қарулы күштердің тылы 1992 жылғы 28 тамызда құрылған болатын. Әскери қызметшілерді кәсіби мерекемен құттықтаған «Астана» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары, Тыл басқармасының басшысы, полковник Жақсылық Бектембаев тыл мамандарына кәсібилігі, өз істеріне жауапкершілігі және әскери борышына адалдығы үшін алғыс білдірді.

   - Қарулы күштердің тыл мамандары өздерінің күнделікті, қажырлы әрі жанқиярлық еңбегімен ең күрделі міндеттерді орындауға қабілеттілігімен ерекшеленеді, – деп атап өтті ол.

  Тыл әскери ұжымдарының тынымсыз, үйлесімді жұмысы әскерлердің күнделікті оқу және жауынгерлік тыныс-тіршілігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Кәсіби мереке құрметіне бірқатар тыл мамандары «Астана» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының атынан Құрмет грамоталарымен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Іс-шара Жаңа Майқұдық мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы дайындаған мерекелік концертпен аяқталды.

×

Редакция

$ 478.96  533.03  5.22