Жолдауды мұқият тыңдады

2024 жылдың 2 қыркүйегі күні Өскемен гарнизонының 27943 әскери бөлімінің сарбаздары мен әскери қызметшілері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей эфирде көрсетілген Жолдауын тыңдады.

Админ
11/09/2024 - 23:34

 

Президент Жолдауында сарбаздардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың өз міндеттерін орындауы үшін жағдай жасау әскер басшылығының жауапкершілігінде екенін айтты. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Қарулы Күштерде сарбаздар өз Отанына лайықты қызмет етуі үшін заң мен тәртіпті қатаң сақтау қажеттігіне мән берді.

«Әскер қатарында заң мен тәртіптің сақталуы – айрықша маңызды міндет. Жастар әскерге Отан алдындағы борышын өтеуге барады. Жас сарбаздарымыз өз міндетін алаңсыз орындауы үшін әскер қатарында, ең алдымен, темірдей тәртіп болуға тиіс. Қарулы күштер мен басқа да күштік құрылымдар осы талапты мүлтіксіз орындауы қажет. Әр ата-ана әскерге кеткен баласын мемлекетке сеніп тапсырады. Сондықтан сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, ең алдымен, армия басшылығы және құқық қорғау мекемелерінің басшылары жауапты», – деп нақтылады Қасым-Жомарт Тоқаев.

Трансляция аяқталғаннан кейін  командирлер жеке құраммен Жолдаудың негізгі тезистерін талқылады. Әсіресе ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қарулы Күштердің рөліне қатысты бөлімдерге назар аударды.

– Президенттің кезекті Жолдауы біз сарбаздар үшін өте маңызды болды. Әскери басшылығы біздің қауіпсіздігіміз бен денсаулығымыз үшін жауап береді деген сөздер ерекше есте қалды. Бұл сөздер әсіресе біздің борышымыздың өтелеуін тағатсыздана күтіп жүрген ата-аналарымыз үшін ерекше маңызды деп ойлаймын. Президент айтқан тәртіп шынымен де біздің қызметіміздің негізі болып табылады және Біз күн сайын осы қағиданы ұстануға тырысудамыз. Бұдан бөлек. Бұл жолдау арқылы біз еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы және елдегі өзекті мәселелерді шешу үшін айқындалған нақты қадамдар туралы білдік, – деп атап өтті қатардағы жауынгер Бахтияр Үсенбеков.

Әскери қызметшілер үшін жолдауды тыңдау - бұл елдің ағымдағы міндеттері мен даму бағыттарын түсіну үшін маңызды қадам. Сондай-ақ, бұл әскери қызметшілердің елдің қоғамдық-саяси өміріне етене араласуының жоғары деңгейін және мемлекеттік қауіпсіздік жүйесінің ажырамас бөлігі ретінде әскери қызметтің маңыздылығын көрсетеді.

×

Редакция

$ 483.23  534.74  5.12