Президент Жолдауын әскерилер де қолдайды

Админ
11/09/2024 - 23:32

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: құқықтық тәртіп, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты ел халқына Жолдауын жариялады. ҚР ҚМ «Астана» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметкерлері Мемлекет басшысының кезекті Жолдауын да ден қойып тыңдады.

  Мемлекет басшысы бұл Жолдауында ел Парламенті 102 заң қабылдағанын, оның ішінде қоғамдық бақылау, адам саудасына қарсы күрес, ғылыми-техникалық саясат, жылу энергетикасы және тағы басқа заңдар қабылданғанын атап өтті. Оның айтуынша, әлеуметтік мәселелерге, әсіресе балаларды қорғауға үлкен көңіл бөлінді. Ел президенті халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған көптеген жүйелі қадамдар жасалғанын да жеткізді. Сондай-ақ, қол жеткізген нәтижеге қанағаттанбаймыз – алда әлі көп жұмыс бар екенін атап өтті.

   «Ел президентінің тыңдаушы мемлекет ұғымы туралы айтқанына 5 жылға жуық уақыт өтті. Және оны өзі әр Жолдауында көрсетіп келеді. Биылғы Жолдауда халықтың айтқан барлық ауыртпалықтары, барлық алаңдаушылықтары назардан тыс қалмады. Нақты ұсыныстар мен тапсырмалар берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев ең маңызды заңдылық қағидасын енгізу туралы айтты. Күресті мемлекеттік органдар деңгейінде жүргізу керек және оған біз азаматтар оған үлес қосуымыз қажет» деді - С-300 зениттік-зымырандық дивизион командирінің тәрбие және идеология жөніндегі орынбасары, майор Рамазан Бақтияров.

  Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуына, ақша-несие және фискалдық саясат арасындағы теңгерімсіздікті жоюға, инвестициялық ахуал мен шағын және орта бизнесті жүргізу жағдайларын жақсартуға бағытталған бірқатар бастамаларды алға тартты. Қаржыландыру көздері анық және ашық болуы тиіс, – деді президент.

   - Әрине, экономиканы несиелендіруде банктер тарапынан нақты қолдау, нақты үлес көріп отырған жоқпыз. Сондай-ақ ол жаңа салық кодексін әзірлеуді шағын және орта бизнесті дамытумен байланыстырды. Ол өткен жылы салық кодексі өте қарапайым болуы керек деді. Бұл оның өңірлерден жаңа Салық кодексінің жобасы бизнеске сәйкес келмейтіні туралы әңгімелерді естіп, үкіметке салық кодексін барынша жеңілдетіп, көп ақша табатындар көбірек салық төлеуін қамтамасыз ету жөнінде үндеу жолдағанын аңғартады. Сондықтан табыс салығын төлеуге қатысты өзгерістер болады, – деді мемлекет басшысы. Жолдауда өте өзекті мәселелер қозғалды. Отансүйгіш жастарды тәрбиелеу, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін әскери қызметшілер үшін де көптеген тапсырмалар берілді. Халықтың болашағы жастар, сарбаздардың абыройлы отан қорғауы, тегін оқуға түсуі секілді жайттар әскерилерді де толғандырады. Көтерілген мәселелер сенім тудырып, өз қызметімізге деген көзқарасымызды өзгертіп, жауынгерлік дайындығымызды көтеріп, ел тыныштығына үлес қосуға ынталандырды, деп атап өтті – 36352 әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары – Тамирлан Қабышев.

  Қазақстан халқы бүгінде мүлде жаңа саяси шындықта өмір сүріп жатыр, – деді, Мемлекет басшысы. Соңғы бес жылда ауқымды реформалар жүзеге асырылып, саяси жүйе түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Қоғамдық санада айтарлықтай өзгерістер орын алуда, азаматтардың құқықтық мәдениетінің деңгейі көтерілуде, қоғамда мінез-құлықтың жаңа үлгілері қалыптасып, жаңа құндылықтар орын алуда. Жаңа Қазақстанның құрылысы жүріп жатыр, ол толығымен халықтың тілектеріне сәйкес келеді. Қарағанды гарнизонының әскери бөлімдерінің барлық жеке құрамына Президент Жолдауы мемлекеттік-құқықтық дайындық сабақтарында арнайы оқытылып, насихатталатын болады.

×

Редакция

$ 483.23  534.74  5.12