Маңғыстау облысындағы кен орны екі айдан бері өртеніп жатыр

Өрт 9 маусымда басталған

Sarbaz.kz редакторы
24/08/2023 - 15:13

Фото: Sputnik / А.Кондратьев

Фото: Sputnik / А.Кондратьев

Маңғыстау облысында «Оңтүстік Қаратұрын» кен орнында №303 апаттық ұңғыма екі айдан бері өртеніп жатыр. Экологтар апат жойылғаннан кейін шығын көлемі есептелетінін мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Өңірлік экология департаменті таратқан хабарламаға сүйенер болсақ, мамандар өрт кезінде атмосфералық ауаны ластаушы заттардың бар-жоғын өлшеген. Жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша ластаушы зат – метан бойынша шекті рұқсат етілген концентрациядан 2540 мг/м3 асып кеткені анықталды. Осылайша, жер ресурстары ластанып жатыр.

«Экологтар оқиға орнында мезгіл-мезгіл атмосфералық ауаның аспаптық үлгілерін алады. Апатты жойғаннан кейін Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті қоршаған ортаға келтірілген шығын көлемін анықтау мақсатында жоспардан тыс тексеру тағайындайды», - деді басқарма басшысы Руслан Төкенов.

Осыған дейін Энергетика министрлігі заңға сәйкес апатты жоюға жұмсалатын барлық шығынды «Бозашы мұнай» компаниясы көтеретінін мәлімдеген.

№303 ұңғымада ашық газ фонтанына айналған газ-су қоспасының шығуы осы жылдың 9 маусымында «Оңтүстік Қаратұрын» кен орнында бұрғылау құралын көтеру нәтижесінде болды. Қазіргі уақытта шығатын газдың жоғары қысымына байланысты No303 ұңғыманың өртенуі жалғасып жатыр.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85