Қылмыстық іс қозғалды
ҚР Қорғаныс министрлігі мерзімді қызмет сарбазының өліміне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Ведомствода мерзімді қызметтегі әскери қызметшілермен байланысты жарияланымдарға қатысты түсініктемелер берілді.
"Қатардағы Ербаян Мұхтаров пен қатардағы жауынгер Алмас Шахимовтың өліміне қатысты фактілер Ұлттық ұланда орын алды және қарулы күштермен байланысты емес.
2024 жылғы 13 мамырда Сарыөзек кентінің 29108 әскери бөлімінде болған қатардағы жауынгер Досымжан Сәлімжанның қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.
Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі әскери қызметшінің ата-аналарына барлық қолдау көрсетілетінін, барлық тиісті өтемақыларды төлеу түрінде көмек көрсетілгенін атап өтті. Қорғаныс ведомствосы мен ата-аналар жүргізіліп жатқан тергеу іс-шараларының объективтілігіне мүдделі.
"Әскери қылмыстарды тергеу барысы ҚР Бас прокуратурасының және ҚР Ішкі істер министрлігінің тиісті бөлімшелерінің қадағалауында.
Қарулы Күштердің басшылығы мен әскери бөлімдердің қолбасшылығы тергеу әрекеттері мен қажетті рәсімдерді жүргізуде ашықтық пен объективтілік қағидаттарын ұстанады", — деп толықтырды ведомстводан.