Алаяқтық Алматы қаласы әкімдігі мен Ұлттық қауіпсіздік департаменті қызметкерлерінің қатысуымен жасалғаны хабарланды
Алматыда мемлекет мүлкін ұрлады деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Sarbaz.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2023 жылдан бері іздеуде жүрген азамат «У» ұсталып, Алматы қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол бұрын сот үкімі бойынша тәркіленген үш үй мен екі пәтер түріндегі мемлекет мүлкін ұрлады деген күдікке ілінді», - делінген хабарламада.
Алаяқтық Алматы қаласы әкімдігінің және Ұлттық қауіпсіздік департаментінің лауазымды тұлғаларының қатысуымен бақылаудағы тұлғаларға жылжымайтын мүлікті қасақана төмен бағамен және белгіленген аукциондарды өткізбей сату арқылы жасалғаны хабарланды.
2024 жылғы 14 маусымда азамат «У» Бішкек қаласында ұсталған соң, ол Қырғызстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қызметкерлеріне оңайлатылған тәртіппен отанына өз еркімен оралуға дайын екендігі туралы хабарлаған», - делінген хабарламада. дейді.
Атап өтілгендей, сол күні Алматы қаласы прокуратурасының келісімімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің сүйемелдеуімен азамат «У» Қырғыз Республикасының шекарасын кесіп өтіп, Алматы қаласына жеткізілген.
Қазір күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.