Ресейде авиациялық отын шығаратын зауытқа шабуыл жасалды

Шабуыл дрондар арқылы жасалған

Админ
28/06/2024 - 16:43

Фото: Укринформ

Фото: Укринформ

Ресейлік телеграм арналары Тверь облысындағы зауытқа дрондар шабуыл жасағаны туралы жазып жатыр. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тверь облысының Конаковский ауданындағы «Редкинский» тәжірибелік зауытына төрт ұшқышсыз ұшақ шабуыл жасады, деп хабарлайды ресейлік Baza және Astra телеграм каналдары.

Baza Telegram арнасының хабарлауынша, кәсіпорынға алғашқы шабуыл түнгі 2 шамасында болған. Дрондардың бірі №4 цехтың төбесіне құлап, жарылған, екіншісі әуе шабуылына қарсы қорғаныс арқылы атып түсіріліп, цехтан алыс жерге құлап, бірнеше минуттан кейін жарылған.

Оның айтуынша, үшінші ұшқышсыз ұшақ тез тұтанатын сұйықтықтарды шығаратын кәсіпорынның аумағына шабуыл жасап, соның салдарынан құбыр зақымдалып, өрт шыққан.

Екі сағаттан кейін тағы бір ұшқышсыз ұшақ зауыттың аумағына шабуыл жасады, компания қызметкерлері эвакуацияланған, зардап шеккендер жоқ.

Әлеуметтік желілерде ұшатын дрон мен жарылыс сәті түсірілген видеолар бар.

Жергілікті тұрғындар «Редкинский» тәжірибелік зауыты авиациялық отын шығаратынын айтады.

×

Редакция

$ 495.2  522.34  4.94