Ресей азаматтығын алған 10 мыңға жуық мигрант Украинамен соғысқа жіберілген

Ресейдің тергеу комитетінің басшысы мәлімдеме жасады

Админ
27/06/2024 - 15:16

Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Ресей азаматтығын алған 10 мыңға жуық мигрант Украинамен соғысқа жіберілгені белгілі болды. Бұл туралы Ресейдің тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкин мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап.

«Біз Конституция мен заңдарымыздың азаматтық алған адамдар әскери қызметке тіркелуі және қажет болған жағдайда арнайы әскери операцияға қатысуы керектігі туралы ережелерін жүзеге асыра бастадық», - деді Бастрыкин Санкт-Петербург халықаралық заң форумында.

Оның айтуынша, тергеушілер «азаматтық алған, бірақ әскери қызметке тіркелгісі келмейтін 30 мыңнан астам адамды ұстап алып, тіркеуге қойған».

«Олардың 10 мыңға жуығы арнайы әскери операция аймағына жөнелтілді», - деді Бастрыкин.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85