Әзірге үндістандық кемелер, авиация және басқа да әскери-теңіз техникалары – шетелдік өнімдер
Үндістан өзінің әскери кеме жасау және теңіз қару-жарақ өндірісін дамытуға тырысады. Бұл туралы контр-адмирал Кунал Сингх Раджкумар Мумбайдағы Үндістан Әскери-теңіз күштерінің Батыс қолбасшылығының штаб-пәтерінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі үндістандық БАҚ-қа сілтеме жасап.
Әзірге үндістандық кемелер, авиация және басқа да әскери-теңіз техникалары – шетелдік өнімдер.
«Біз Әскери-теңіз күштерін салу және күтіп ұстау сияқты стратегиялық салада мүмкіндігінше тәуелсіздікке қол жеткізгіміз келеді. Бұл – біздің мақсатымыз. Дегенмен біз барлық шетелдік серіктестермен ынтымақтастыққа дайынбыз», - деді Раджкумар.
Оның айтуынша, импортты алмастырудың символы – Үндістанда салынған «Викрант» тасымалдаушысы. Ол 2013 жылы іске қосылған. Бірақ бір жыл бұрын үнді әскери-теңіз күштерінің құрамына енген.
«Викрант» Indigenous aircraft carrier («отандық тасымалдаушы») бағдарламасы бойынша әзірленген. Контр-адмирал Раджкумар оны «толығымен үнді» деп атады. Бірақ кемені жобалауға итальяндық AVIO компаниясы қатысқан. Шетелдік қондырғылар мен материалдар пайдаланылған.