Зардап шеккендер арасында үш бала бар
Ресейдің Харьков облысындағы Дергачи ауылын атқылауы салдарынан зардап шеккендер саны 12 адамға жетті. Бұл туралы Украина ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап.
Зардап шеккендер арасында үш бала бар.
«Алдын ала мәлімет бойынша, ресейлік әскерилер елді мекенге әуе бомбасымен үш рет шабуыл жасаған. Жеке үйлер мен қосалқы құрылыстар бүлінді», - делінген хабарламада.
Осыған дейін жергілікті билік тоғыз адам зардап шеккенін хабарлаған болатын.
Ресей әскерилері бұл мәлімдемелерге түсініктеме берген жоқ.