Өкінішке қарай, Ресей бейбітшілікті қаламайды, деді Олаф Шольц
Германия канцлері Олаф Шольц Бундестагта осындай сөз сөйледі. Өз сөзінде ол Ресей президенті Владимир Путиннің мәлімдемесіне қатысты жауап берді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Осыған дейін Ресей президенті Владимир Путин Украинаға соғысты тоқтату үшін төрт аймақтан бас тартуды ұсынған болатын. Bild мәліметінше, бұл 26 мың шаршы метрді ұрыссыз тапсыру дегенді білдіреді. Ал бұл тұтас бір елдің аумағына тең.
«Жағдай айқын: Путин әлі де соғыс пен қайта қарулануға сенім артып отыр. Бұған ешкім көз жұма алмайды. Бұл оның атысты тоқтату туралы болжамды ұсынысында айқын көрінеді. Оның бұл сөзінен атысты тоқтату ғана емес, орыс әскерлері әлі заңсыз басып үлгермеген аумақтардан да бас тарту қажет дегенді білдіреді. Украина сондай-ақ демилитаризациялауға және болашақтағы кез келген әскери көмектен бас тартуға міндетті дейді.
Өкінішке қарай, Ресей бейбітшілікті қаламайды», - деді Олаф Шольц.