Бұл ұсыныс Брюссельде ашылатын ЕО саммитінде талқыланады
Польша, Литва, Латвия және Эстония Еуроодақты Мәскеудің әскери қауіп-қатерлері мен басқа да зиянды әрекеттерінен қорғау жолдарын талқылады. Осы мақсатта одақтың Ресей және Беларусь шекарасында қорғаныс желісі салынуы мүмкін. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«ЕО-ның Ресеймен және Беларусьпен сыртқы шекарасында қорғаныс инфрақұрылымы жүйесінің құрылысы Еуропаны әскери және гибридті қауіптерден қорғайды», - делінген хабарламада.
Бұл ұсыныс Брюссельде ашылатын ЕО саммитінде талқыланады.
Гибридті қауіптер әскери және әскери емес, сондай-ақ жасырын және ашық құралдардың, оның ішінде жалған ақпараттың, кибершабуылдардың, экономикалық қысымның және мигранттарды блок шекарасынан өткізуді қарастырады.
Кейбір еуропалық дипломаттар Ресеймен және Беларусьпен арадағы 700 шақырымдық шекарада мұндай қорғаныс сызығын салудың құнын шамамен 2,5 миллиард еуроға (2,67 миллиард доллар) бағалады.
Еуропалық Одақтың шығыс шекарасында жерүсті қорғаныс сызығын құруға шақыру Грекия мен Польшаның ЕО-ның әртүрлі әуе қорғаныс жүйелерін үйлестіретін Израильдің Темір күмбезі үлгісіндегі әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін құру бастамасына қосымша болып отыр, деп жазады Reuters.