Украинаның барлық аумағында әуе шабуылы туралы дабыл қағылды

Украинаның әуе күштері дабыл қақты

Админ
27/06/2024 - 11:17

Фото: Ефрем Лукацкий / AP

Фото: Ефрем Лукацкий / AP

Бейсенбіге қараған түні Украинаның барлық аумағында әуе шабуылы туралы ескерту жарияланды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Украинада зымыран қаупі бар! МиГ-31К ұшырылды», - делінген Украина әуе күштерінің хабарламасында.

Осыған дейін Украинаның қарулы күштері ресейлік әскерлердің теңізден «Калибр» қанатты зымырандарын ұшырғаны, сондай-ақ бірнеше аймақта шабуылдаушы ұшқышсыз ұшақтар ұшырғаны туралы хабарлаған болатын.

Бейсенбіге қараған түні Киевте жарылыс болды, деп хабарлады украиналық БАҚ.

Нақтырақ айтқанда, жарылыстар туралы «Суспільне» басылымының тілшілері жазды.

Осыған дейін Хмельницкий және Ивано-Франковск облыстарында да жарылыс болғаны хабарланған.

×

Редакция

$ 487.24  529.34  5.02