Жаңа пакетке қандай шаралар енгізілгенін әлі жариялаған жоқ
Еуроодақ елшілері Беларуське қарсы жаңа санкциялар туралы келісті. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жаңа санкциялар соғысқа байланысты Ресейге қойылған шектеулерді айналып өту схемаларына тосқауыл қоюға арналған.
Еуропа Одағының елшілері Беларуське қарсы жаңа санкциялар пакеті туралы келісті, деп хабарлады Бельгияның ЕО-ға төрағалығы.
Ел билігі X әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter) жаңа пакет «Украинаға басып кіруге жауап ретінде енгізілген шараларды күшейтеді» және өзгелермен қатар «санкцияларды айналып өтуге» көмектеседі деп жазды.
Бельгия жаңа пакетке қандай шаралар енгізілгенін әлі жариялаған жоқ.