Әскери-теңіз күштерінің жаңа бас қолбасшысына қандай міндеттер жүктелді?

Ол Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары болған

Админ
26/06/2024 - 16:36

Фото: Қорғаныс министрлігі

Фото: Қорғаныс министрлігі

Мемлекет басшысының өкімімен осы лауазымға генерал-майор Серік Жақсығалиұлы Борамбаев тағайындалды. Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысын жеке құрамға таныстыра отырып, қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов офицердің басшылық лауазымдардағы қызметте мол тәжірибесі бар екенін атап өтті. Бұл туралы Sarbaz.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Серік Борамбаев Киев жоғары әскери-теңіз саяси училищесінің курсантынан Аумақтық қорғаныс департаментінің бастығы – ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасарына дейінгі мансаптық жолдан өтті. Қызыл Ту Каспий флотилиясының әскери бөлімдерінде қызмет етіп, Қазақстан Қарулы күштері Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары болды, Қорғаныс министрлігінің Ақпарат және коммуникациялар, Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаменттерін басқарды.

Қорғаныс министрі кездесу соңында генерал-майор Серік Борамбаев әскери қауіпсіздікті және теңіз шекараларын берік қорғауды қамтамасыз ету ісінде ел басшылығы жүктеген міндетті ақтайтынына сенім білдірді.

×

Редакция

$ 471.46  504.79  5.53