Алматы метросын салу барысында 5 млрд теңге жымқырғандар сотталды

Қылмысқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді көлік прокуратурасы жүргізді

Админ
26/06/2024 - 15:27

Фото: metroalmaty.kz

Фото: metroalmaty.kz

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотымен метро құрылысы кезінде 5 миллиард теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталған 10 адамға қатысты үкім шығарылды. Қылмысқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді көлік прокуратурасы жүргізді. Бұл туралы Sarbaz.kz Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, сот талқылауы барысында айыптау жағы сотталушылардың «Метрополитен» КМК, «Алматыметроқұрылыс» АҚ, «Автоматтандыру және технологиялар қызметі» ЖШС басшылары бола отырып, адамдар тобымен, 2018 жылдың маусымынан 2020 жылдың тамызына дейінгі кезеңде «Сарыарқа» және «Достық» станцияларын салу барысында қаржылық алаяқтықпен, оның ішінде жабдықтың құнын арттырып (іс жүзінде 10 есе), тұрақты түрде ірі көлемдегі ақшаларды жалған фирмалар арқылы шығарғанын дәлелдеді.

«Сотталғандар мемлекеттік және қаржы ұйымдарында жұмыс істеу құқығынан айырыла отырып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды (негізгі фигуранттар 7 жылдан 8 жылға дейін). Сонымен қатар, сот 1 млрд теңгеден астам сомаға тыйым салынған мүлікті тәркілеуді қолданып, мемлекетке келтірілген шығынды өндірді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», - делінген хабарламада.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91