Ресей өз аумағында Еуропаның 80-нен астам ақпарат құралдарының жұмысын тоқтатты

Италияның СІМ басшысы бұл шешімді қатаң сынға алды

Админ
26/06/2024 - 12:07

Фото: РИА Новости / Алексей Майшев

Фото: РИА Новости / Алексей Майшев

Ресей билігі еуропалық 81 БАҚ-тың жұмыс істеуіне тосқауыл қойғанын мәлімдеді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Италияның сыртқы істер министрлігі Ресейдің бұл шешімін сынға алды.

Италияның сыртқы істер министрлігі Ресей билігінің өз аумағында еуропалық бұқаралық ақпарат құралдарының, оның ішінде италиялық Rai және La7 телекомпанияларының, сондай-ақ La Repubblica және La Stampa газеттерінің хабар таратуы мен веб-сайттарына кіруді шектеу туралы шешімін айыптады.

«Біз Украинадағы қақтығыс туралы әрқашан объективті және бейтарап ақпарат беретін италиялық хабар таратушылар мен газеттерге қарсы қабылданған негізсіз шараны айыптаймыз. Ресей Федерациясы қабылдаған шешім қатыгез және заңсыз соғыстың салдарын жоймайды немесе жеңілдетпейді», - делінген департамент мәлімдемесінде

Айта кетейік, Ресей сыртқы істер министрлігі жариялаған тізімге ЕО-ның 25 елінен 77 хабар таратушы, газет, журнал және интернет-басылым, сондай-ақ төрт жалпыеуропалық басылым кіреді.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85