«Қазақстан» шахтасындағы өрт: тергеу жұмысына халықаралық мамандар шақырылды

17 тамыз күні Қарағанды облысындағы «Қазақстан» шахтасында апат болды

Sarbaz.kz редакторы
23/08/2023 - 21:50

Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

«АрселорМиттал Теміртау» көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасындағы апатты тергеу аясында бірқатар сараптама тағайындалды. Оларды қазақстандық және халықаралық ұйымдар жүргізеді. Бұл туралы Sarbaz.kz Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Барлығы жеті сараптама тағайындалған. «Горняк» оқшаулағыш өзін-өзі құтқарушыларының жұмысы, кеніш атмосферасын бақылаудың автоматты жүйесі, өрт-техникалық сияқты өрт шыққан конвейердің таспа төсемі бойынша қорытынды алу қажет.

Қазақстандық сарапшылар жақын арада жұмысқа кіріседі. Сондай-ақ Ресей мен Германиядан мамандар келеді.

Айта кетейік, 17 тамыз күні Қарағанды облысындағы «Қазақстан» шахтасында өрт тұтанды. Апат кезінде жер астында 227 кенші болды. 222 адамды жер бетіне жедел көтеру мүмкін болды, сегізі зардап шекті.

Шахтаның астында қалып қойған бес кеншінің денесі табылды.

18 тамыздағы жағдай бойынша медицина мекемелерінде өрттен зардап шеккен 11 кенші ем қабылдап жатыр.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91