АҚШ-та 2013 жылдан бері 13 мыңға жуық адам полиция қолынан қаза болды

Соңғы 10 жылда полиция қолынан қаза тапқандардың ең көп саны 2023 жылы тіркелді

Админ
25/06/2024 - 16:08

Фото: Amr Alfiky / The New York Times

Фото: Amr Alfiky / The New York Times

АҚШ-та биыл бес айда полиция қызметкерлері 545 адамды өлтірді. Мұндай деректерді профильдік статистиканы жүргізетін mappingpoliceviolence.us порталы ұсынады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі eadaily.com сайтына сілтеме жасап.

2023 жылы АҚШ-та полиция зорлық-зомбылығынан зардап шеккендердің саны 1247 адамды құрады, оның 27%-ы – қара нәсілді.

Соңғы 10 жылда полиция қолынан қаза тапқандардың ең көп саны 2023 жылы тіркелді, ал 2024 жылдың алғашқы 5 айындағы көрсеткіш тіптен артқанын көрсетеді. Ал олардың басым бөлігінде (98,1%) полиция адам өлтіргені үшін жауапқа тартылмаған.

Өткен жылы өлімнің ең көп саны Нью-Мексикода тіркелді.

Жалпы, 2013 жылдан бері АҚШ-та 12 910 адам полицияның қолынан қаза тапты.

Тегтер

×

Редакция

$ 479.23  534.96  5.16