Тоқаев Словения президентіне жеделхат жолдады

Бүгін – Словенияның Ұлттық күні

Админ
25/06/2024 - 12:52

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Наташа Пирц Мусарды Словенияның Ұлттық күнімен құттықтады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Словенияның Ұлттық күніне орай Президент Наташа Пирц Мусарға құттықтау жеделхатын жолдады.

– Қазақстан мен Словения арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастық жылдан-жылға нығайып келе жатқаны ерекше қуантады. Болашақта да сан қырлы қазақ-словен ықпалдастығы халықтарымыздың игілігі үшін қарқынды дами беретініне зор үміт артамын, – деп жазылған жеделхатта.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Мемлекет басшысы Словения Президентіне және оның халқына бақ-береке тіледі.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85