Еуропа Одағы Киевке Ресейдің тыйым салынған активтерінен түскен 1,4 млрд еуро беретін болды

Алайда бұл іске Венгрия кедергі келтіріп отыр

Админ
25/06/2024 - 11:24

Фото: Euronews

Фото: Euronews

Батыс елдері Киевке Ресейдің тыйым салынған активтерінен түскен қаражатты беруге уәде берді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Люксембургте өткен кездесуде Еуроодақ сыртқы істер министрлері Украинаға 1,4 миллиард еуро көлеміндегі траншты қоса алғанда, жедел түрде қосымша қаржы бөлу қажеттігін атап өтті.

Осы мақсатта тыйым салынған ресейлік активтерден түсетін кірісті пайдалану жоспарланып отыр. Алайда Венгрия екі бастаманың да іске асуына тосқауыл қойып отыр. Дегенмен Еуропа Одағы Венгрияның ветосын айналып өтетін құқықтық жолды тапты.

×

Редакция

$ 495.2  522.34  4.94