Дағыстандағы лаңкестік шабуыл: 20 адам қаза тапты

Тағы 46 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алды

Админ
25/06/2024 - 10:40

Фото: Euronews

Фото: Euronews

Дағыстандағы лаңкестік шабуылдан кем дегенде 20 адам қаза тапты, оның 15-і – полиция қызметкері. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Дербент пен Махачкалада православ шіркеулері, синагогалар мен полиция бөлімшесіне шабуыл жасалды. Бес лаңкестің көзі жойылды.

Дағыстанның денсаулық сақтау министрлігі Дербент пен Махачкала қалаларына жасалған шабуылдан православ діни қызметкері мен шіркеу күзетшісі де қаза болғанын мәлімдеді. Сол сияқты тағы 46 адам әртүрлі ауыр дәрежеде жарақат алды.

Дағыстан басшысы Сергей Меликов кеше түнде Махачкала мен Дербенттегі жедел ұрыс әрекеттерінің белсенді кезеңі аяқталғанын айтты. Ол өлтірілген алты содыр туралы мәлімдеді. Бірақ ұлттық лаңкестікке қарсы комитет пен тергеу комитеті бес лаңкесті атады: Дербентте – екі және Махачкалада үшеу.

Таңертең бұл қалаларда терроризмге қарсы операция режимі жойылды. Терроризм, атыс қаруын заңсыз сақтау және ұрлау баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Дағыстанда қаза тапқандар үшін үш күндік аза тұту жарияланды.

×

Редакция

$ 495.2  522.34  4.94