Ресейдің шабуылынан Украинада 4 адам қаза тауып, ондаған адам жараланды

Жараланғандар арасында 12 және 13 жастағы екі бала бар

Админ
24/06/2024 - 17:54

Фото: t.me/VadymFilashkin

Фото: t.me/VadymFilashkin

Украина билігі Донбастағы Покровскіге үлкен соққы берді. Салдарынан төрт адам қаза тапты, ондаған адам жараланды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Донецк облысындағы Покровск қаласына жасалған шабуылдың салдарынан кемінде төрт адам қаза тауып, 34 адам жараланды, деп хабарлады облыс әкімшілігінің басшысы Вадим Филашкин жеделхатында.

«Жараланғандар арасында 12 және 13 жастағы екі бала бар. Жағдайлары орташа және ауыр», - деп жазды.

Филашкиннің айтуынша, ресейлік әскерилер қаланы екі «Искандер-М» зымыранымен атқылап, бір жеке үйді қиратып, тағы 16 ғимаратты зақымдаған.

«Бұл соңғы уақыттары жаудың бейбіт тұрғындарға жасаған ең үлкен шабуылдарының бірі. Оның түпкілікті салдары әлі анықталған жоқ», - деді облыстық әскери басқарма басшысы.

×

Редакция

$ 495.2  522.34  4.94