Қарулы адам іздеуде болған
Бакуде қарулы адам үш полицей мен бір бейбіт тұрғынды өлтірді, деп хабарлайды Sarbaz.kz Әзербайжан ішкі істер министрлігінің Telegram-каналында жариялаған мәлімдемесіне сілтеме жасап.
Бакудің Хазар ауданы Шувелан ауылында қарулы шабуыл болды. Полиция қызметкерлері іздеуде жүрген Ровшан Аллахвердиевті тұтқындамақ болған. Міне осы кезде ол қарулы қарсылық көрсеткен. Азамат іздеуде болған және бірнеше рет сотталған.
38 жастағы Аллахвердиев отбасы мүшелерінің артына жасырынып, Lancaster аңшы мылтығынан оқ жаудырған. Ол үш полиция қызметкері мен бір бейбіт тұрғынды өлтірді. Қаза тапқан тәртіп сақшылары – полиция капитаны Елданиз Мамедов пен сержанттар Махир Агаев пен Мирали Гейдаров бар.
Қылмыскер сол мезетте өлтірілді. Оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.