Қытай кемелері төртінші күн қатарынан Жапония басқаратын аймаққа кіріп жатыр

Шығыс Қытай теңізіндегі жапондар басқаратын аралдарға Қытайдың да таласы бар

Админ
24/06/2024 - 12:53

Фото: Reuters

Фото: Reuters

Қытайдың екі жағалау күзет кемесі даулы Сенкаку аралдары маңындағы Жапонияның аумақтық су бөлігіне кірді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Japan Times басылымына сілтеме жасап.

Қытайдың «Хайцзин» класындағы екі кемесі жапониялық балық аулайтын кемеге жақындамақ болған. Осы кезде жағалау күзетінің патрульдік кемелері қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қытайлық кемелерге аумақтан кетуді ескертті.

Шығыс Қытай теңізіндегі жапондар басқаратын аралдарға Қытайдың да таласы бар. Олар бұл аймақты Дяоюйдао деп атайды.

Қытай жағалауды күзету туралы жаңа заң қабылдағаннан кейін Оңтүстік Қытай теңізі мен Шығыс Қытай теңізіндегі даулы аралдарға жиі қатынап жүр.

Жаңа заң Қытай мен Филиппин шекарашылары арасындағы Спартли аралында орналасқан даулы аймақ та қақтығысқа алып келді, онда бір филиппиндік сарбаз жараланды. Сарапшылардың пікірінше, Жапония Дяоюйдао аралдарының төңірегінде осындай сценарий болуы мүмкін деп алаңдап отыр.

Тегтер

×

Редакция

$ 491.71  529.97  5.05