ISW: Ресей Қырымда бейбіт тұрғындар тұратын аудандарға әскери техникаларын орналастырып жатыр

Ресей билігі соғыс уақытында басып алынған Қырымда туризмді негізсіз дамытып жатыр

Админ
24/06/2024 - 12:33

Фото: ua.depositphotos.com

Фото: ua.depositphotos.com

Ресейлік әскерилер Украинаның соққыларына тосқауыл қою үшін аннексияланған Қырымдағы азаматтық аймақтарға әскери нысандарды мақсатты түрде орналастырған болуы мүмкін, деп жазады Американың соғысты зерттеу институты (ISW) кезекті есебінде. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Ресей халықаралық гуманитарлық құқықты қолданудың өзіндік ережелерін бұзған болуы мүмкін, онда «әскери қолбасшылар әскери нысандарды халық тығыз орналасқан аймақтарда немесе оларға жақын жерде орналастырудан аулақ болуы керек» деп жазылған», - деді сарапшылар.

ISW атап өткендей, Севастопольге жасалған соққыдан кейін ресейлік «әскери тілшілер» қорғаныс министрлігі мен Қырымдағы оккупациялау билігін адам шығынының алдын алып, бейбіт тұрғындарды қорғай алмағаны үшін сынға алды.

Атап айтқанда, билік тұрғындарды ескерту үшін әуе шабуылының сиреналарын қолданбағаны және Севастопольге жақындағанға дейін барлық зымыранды анықтап, жоймағаны үшін сынға алынды.

Ресей әскері Украинаға жаппай басып кіру басталғаннан бері Қырымның азаматтық аудандарына әскери техникаларын орналастырып жатыр, деп жазады ISW.

«Ресей билігі соғыс уақытында басып алынған Қырымда туризмді негізсіз дамытып жатыр, ал әскерилер басып алынған түбекті тылдағы тірек ретінде пайдалануды тоқтатар емес», - деп қорытындылады сарапшылар.

×

Редакция

$ 488.45  529.19  5.04