Ресей Украинаға бір айда 2400-ден астам басқарылатын бомба тастады

700-дей бомба тек шығыс Харьков жерінде жарылған

Админ
24/06/2024 - 11:29

Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Ресей маусым айында Украинаға 2400-ден астам басқарылатын бомба тастады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Bild  басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Украина президенті Владимир Зеленский видео үндеу жасады. Оның айтуынша, 700-дей бомба тек шығыс Харьков жерінде жарылған.

Құтқарушылардың мәліметінше, сенбі күні кешке Харьковтағы тұрғын үйлердің бірінде басқарылатын бомбаның жарылуы салдарынан кем дегенде екі адам қаза тапты. Бұған қоса, Ресей Украинаның энергетикалық инфрақұрылымына тағы да шабуыл жасады.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91