Германия Ресей-Украина соғысы бойынша Қытайға ескерту жасады

Германияның экономика министрі Қытай өкілдерімен кездесті

Админ
24/06/2024 - 10:55

Фото: Bild

Фото: Bild

Германияның экономика министрі Роберт Хабек Ресейге қолдау көрсетудің салдары Қытай экономикасына кері әсер етеді деп ескерту жасады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Германия мен Еуропаның қауіпсіздік мүдделеріне Ресейдің Украинаға қарсы соғысы тікелей әсер етеді, деді Хабек Бейжіңде Қытай үкіметінің өкілдерімен климат мәселесі бойынша кездесуде. 

Ол бұл пікірін Қытайдың ұлттық даму және реформалар комиссиясының төрағасы Чжэн Шаньцзеге айтты. Сондай-ақ, еуропалық комиссияның қытайлық арзан электромобильдерге тариф енгізу мүмкіндігі туралы мәселесі талқыланды.

«Егер бұл соғыс болмаса немесе Қытай Ресейді қолдамаса, біз шикізат пен техникалық тауарлар бойынша қай жерде тәуелді екенімізді талдай отырып, басқаша әрекет етер едік. Біздің қарым-қатынасымызға, яғни тікелей байланысымызға теріс әсер етті», – деді Хабек.

Қытайлық электр көліктеріне енгізілетін тарифтерге қатысты сауда дауында Хабек ЕО комиссиясының қорытындыларына байыпты қарауға шақырды.

Бұған жауап ретінде Қытай Еуропалық Одақтан импортталатын өнімдерге, оның ішінде шошқа еті мен жанама өнімдерге қатысты демпингке қарсы тергеу жариялады.

Өз сөзінде Чжэн Шаньцзе Еуропаның әрекеті қабылданбайтынын айтты. Оның айтуынша, қытайлық автоөндірушілердің технологиялық көшбасшылығы субсидиялардың нәтижесі емес, еңбекпен келген.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85