Ресей Харьковке басқарылатын бомбаларымен соққы жасады

Харьков тұрғындарының жартысы жарықсыз қалды

Админ
24/06/2024 - 10:22

Фото: SCANPIX/SERGEY BOBOK / AFP

Фото: SCANPIX/SERGEY BOBOK / AFP

Ресейдің Харьковке жасаған шабуылынан бір адам қаза тауып, 10 адам жараланды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ресей Харьков қаласының Шевченков және Холодногор аудандарындағы азаматтық нысандарға басқарылатын бомбаларымен соққы жасады. Харьков облыстық әскери басқармасының басшысы Олег Синегубов жағдайды түсіндірді.

«Соққылар жеке сектор мен балалар оқу орнына жасалды. Харьков тұрғындарының жартысы жарықсыз қалды. Мамандар қазірдің өзінде электр энергиясын қалпына келтіру бойынша жұмыс істеп жатыр», - деді Синегубов.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85