Қазақстандық туристер Грекия аралында өрт шығарды

Олар яхтадан орманға қарай фейерверк атты

Аян Кайырбаев
23/06/2024 - 17:38

Грекиядағы Гидра аралының жағалауында қазақстандық туристер яхтадан отшашуды атқылап, соның салдарынан қарағайлы орман өртке ұласты, деп хабарлайды Sarbaz.kz  Vijesti басылымына сілтеме жасап  .
Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, қазақстандықтар Агиос Николас жағажайына қарай отшашуды атқылап, нәтижесінде қарағайлы орман өртке ұласқан.
Олар өртті сөндіруге тырысты, бірақ нәтиже болмады. Кейін олар өрт сөндірушілерді шақырып, оқиға орнынан қашып кеткен.
Яхта ұсталды, оның экипажы мен жолаушылары жағалау күзет орталығында мәлімдеме жасайды. Гидра мэрі муниципалитет өртке кінәлілерге қатысты заңды шара қолданатынын айтты.

×

Редакция

$ 479.23  534.96  5.16