АҚШ Мемлекеттік хатшысының қару айналымы жөніндегі көмекшісі Қазақстанға келеді

Сапар 22-28 маусым аралығында өтеді

Аян Кайырбаев
23/06/2024 - 13:06

US Department of State

US Department of State

Келесі аптада Астанаға АҚШ Мемлекеттік хатшысының қаруды бақылау, шектеу және тұрақтылық саясаты жөніндегі көмекшісі Мэлори Стюарт келеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz АҚШ Мемлекеттік департаментіне сілтеме жасап.

Сапар 22-28 маусым аралығында өтеді.

Астанада Мемлекеттік хатшының көмекшісі Стюарт АҚШ Мемлекеттік департаменті мен Қазақстан Қорғаныс министрлігі арасындағы Ұлттық ядролық қауіп-қатерді азайту орталығының (NRRC) қауіпсіздігі туралы келісімге қол қояды, – делінген АҚШ Мемлекеттік департаментінің хабарламасында.

Бұл келісім, делінген мәлімдемеде, АҚШ-Қазақстан қарым-қатынасының беріктігін және тәуекелдерді азайту мен жаһандық тұрақтылыққа ортақ мүддені көрсетеді.

Сондай-ақ Мемлекеттік хатшының көмекшісі Стюарт Ядролық қарусыздануды тексеру жөніндегі халықаралық серіктестіктің (IPNDV) он жылдығын мерекелеуге қатысу үшін Женеваға барады. Онда ол құттықтау сөз сөйлеп, ядролық қарусыздануды бақылаудың болашағы туралы сессияда сөз сөйлейді.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85