Ресей мен КХДР қарым-қатынасы: Оңтүстік Корея Украинаға қару-жарақ жіберу мәселесін қайта қарайды

Ким Чен Ын мен Владимир Путин соғыс жағдайында өзара қорғаныс туралы келісімге қол қойды

Админ
21/06/2024 - 16:54

Фото: РИА Новости Виталий Аньков

Фото: РИА Новости Виталий Аньков

Оңтүстік Корея Украинаға қару-жарақ жеткізу көлемін Ресейдің Солтүстік Кореямен қарым-қатынасына қатысты ұстанымына қарай анықтайды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Чан Хо Джин Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын мен Ресей президенті Владимир Путин соғыс жағдайында өзара қорғаныс туралы келісімге қол қойғаннан кейін Оңтүстік Корея Украинаға қару-жарақ жеткізу мүмкіндігін қайта қарастыратынын айтты.

Бұған жауап ретінде Путин Оңтүстік Корея Украинаға қуатты қару-жарақ жіберетін болса, «үлкен қателік» жасайтынын ескертті.

«Қару-жарақ жеткізудің әртүрлі нұсқалары бар. Біздің Ресей мен Солтүстік Корея арасындағы соңғы оқиғаларға қатысты ұстанымымыз Ресейдің болашақтағы жағдайға қалай қарайтынына байланысты», - деді Чан Хо Джин.

Оңтүстік Кореяның Украинаға беретін әлеуетті қару-жарағы арасында 155 мм артиллериялық снарядтар, сондай-ақ Украинаға қажет әуе қорғанысы жүйелері бар, деп хабарлайды үкіметтік ақпарат көздері.

Оңтүстік Корея тарапының мәлімдемелеріне қарамастан, бұл ел Украинаға оқ-дәрі жеткізу тізбегіндегі буындардың бірі болып саналады. Осылайша, 2023 жылы Америка Құрама Штаттары Украинаға Оңтүстік Кореяның 500 мың дана 155 мм снарядтарын «қарызға алды».

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91