Бас прокуратура Киевте қастандық жасалған қазақстандық журналистке қатысты мәлімдеме жасады

Прокуратура мәліметінше, қылмыстық іс бойынша тергеу-жедел тобы құрылды

Админ
21/06/2024 - 14:46

Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Бүгін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 18 маусымда Киевте болған Айдос Садықовты өлтіруге қастандық жасау фактісі бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Прокуратура мәліметінше, қылмыстық іс бойынша тергеу-жедел тобы құрылды, онда қылмысты ашуға және күдіктілерді ұстауға бағытталған қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіледі.

«Қазақстанның Бас Прокуроры Украинаның Бас прокурорының атына осы қылмысты ашуға барынша тәжірибелі қазақстандық тергеушілерді тарта отырып, барлық көмек көрсету туралы ұсыныс жасаған болатын.

Бас прокуратура қылмыстық істі тергеу барысын ерекше бақылауға алды», - делінген хабарламада.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91