Берлин зауытындағы өрт ресейлік диверсия болуы мүмкін – барлауы қызметі

Өрттен қаланың бір бөлігін улы түтін көмкеріп қалды

Админ
21/06/2024 - 14:14

Фото: Bild

Фото: Bild

Мамыр айының басында Берлиннің оңтүстігінде ең ірі өрт болды. Diehl Metall Applications металлургиялық зауыты өртеніп, қаланың бір бөлігін улы түтін көмкеріп қалды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Diehl концерні Украина үшін Iris-T әуе қорғаныс жүйелерін шығарады. Бірақ олар Берлин зауытында жасалған жоқ, тек машиналарға арналған металдар өңделеді.

Bild мәліметінше, шетелдік барлау қызметтерінің бірі Германияның барлау қызметіне өрттің ресейлік диверсияның нәтижесі деп хабарлаған. Шетелдік барлау офицерлерінің қолында Ресейдің қатысы туралы нақты дәлелдер бар.

Қазір Германия билігі бұл мәліметті зерттеп жатыр. Нысана ретінде әскери зауыт емес, металлургиялық зауыттың таңдалғаны түсініксіз.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91