Бір түнде 114 украиналық дрон атып түсірілді – Ресейдің қорғаныс министрлігі

Краснодар маңындағы Ильский мұнай өңдеу зауытында өрт болды

Админ
21/06/2024 - 10:56

Фото: РИА Новости / Виталий Белоусов

Фото: РИА Новости / Виталий Белоусов

Ресейдің қорғаныс министрлігі бір түнде түрлі аймақтарда 114 украиналық дрон атып түсірілгенін, ал Қара теңізде алты қайықтың жойылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Министрлік мәліметінше, Қырымда 70, Краснодар өлкесінің үстінде 43 және Волгоград облысының үстінде бір ұшқышсыз ұшақ атып түсірілді.

Ресейлік SHOT телеграм-каналы Краснодарда бір адам қаза тапқанын жазды. Оған дронның соққысы тиген немесе қалдықтары құлаған.

Өткен түнде ресейлік және украиналық ақпарат арналары Краснодар мен Краснодар маңындағы әскери аэродром орналасқан Ейск қаласындағы жағдайдың видеоларын жариялады.

Жергілікті билік Краснодар маңындағы Ильский мұнай өңдеу зауытында өрт шыққанын және Краснодардағы екі ғимаратқа: автовокзал мен қазандыққа ұшқышсыз ұшақ қалдықтарынан зақым келгенін хабарлады.

Тегтер

×

Редакция

$ 475.39  513.37  5.4